Жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

409

0

Сурет ашық дереккөзден

Баспаналы болуға ниеттеніп жүрген жандар үшін қуанышты жаңалық. Елімізде «Наурыз» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Жаңа бағдарламаға барлық қазақстандықтың қатысуына мүмкіндік бар. Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банкі» АҚ облыс бойынша филиалының директоры Әділжан Сәулебаев хабарлады.

– Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда «Наурыз» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын хабарлаған болатын. Қазір жаңа бағдарламаға өтінім қабылдау басталып кетті. Өтінімдерді «Баспана маркет» порталына жолдауға болады. «Наурыз» бағдарламасының негізгі шарттарына келсек,  алғашқы жарна  20 пайыздан басталады, азаматтардың барлық санаттары үшін несиелеу мөлшері 9 пайыз, ал әлеуметтік осал санаттағы жандар үшін 7 пайыздан басталады. Несиелеу мерзімі – 19 жыл. Бұл бағдарламаға барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін «Отбасы банкте» депозит шотын ашу керек, бірақ салым мерзімі ескерілмейді. Жинақ шотында кемі 1 млн теңге көлемінде қаражат болуы тиіс. Бұл қаржыны бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады. Сондай-ақ кейінгі 5 жыл ішінде азаматтардың және оның отбасы мүшелері меншігінде тұрғын үйдің болмауы тексеріледі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы 8 жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздегі 68 мыңға жуық азамат қоныс тойын тойлайды деп жоспарлануда, – деді филиал директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<