Кәмелетке толмағандардың ісі қаралды

292

0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өті.

Комиссияның күн тәртібінде 7 мәселе қаралып, ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарға ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін және сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамау жөнінде профилактикалық шараларды қабылдау және профилактикалық есепте тұрған қолайсыз отбасындағы балалар және олардың ата-аналарымен жүргізілген жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелері талқыланды.

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<