Алматы облысында 2 баллдық жер сілкінісі болды

420

0

Фото: Pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы 09:12 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы — 11.2.

MPV Магнитудасы — 5.7.

Жер сілкінісінің координаттары — 42,73° с.б. 79,21  ш.б.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Қазақстан аумағында нақты Алматы облысының Кеген ауданында Кеген ауылында 2 балл көлемінде сезілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<