«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі (бұдан әрі – Инспекция) тарапынан ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің» (бұдан әрі – тізілім) 681, 682, 694 қатарларына сәйкес 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1. Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру мемлекеттік қызметі электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде көрсетіледі – (681);
2. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызметі электрондық (толық автоматтандырылған) түрде көрсетіледі – (682);
3. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру мемлекеттік қызметі электрондық (толық автоматтандырылған) түрде көрсетіледі – (694);
ҚР ЭГжТРМ-нің 10.06.2020 жылғы № 138 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларының» 2-қосымшасына сәйкес, осы қызмет түрінің стандарты бекітілген.
ҚР АШМ-нің 27.02.2015 жылғы № 18-03/153 бұйрығымен бекітілген «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларының» 2-қосымшасына сәйкес, «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
ҚР ЭГжТРМ-нің 30.12.2020 жылғы № 347 бұйрығымен бекітілген «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес, «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
Инспекция тарапынан 2024 жылғы 15 тамызда «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсетіліп, ҚР Қызыл кітабына енгізілген дуадақ құсының санын көбейту мақсатында Қызылорда облысының аумағындағы республикалық маңызы бар «Оңтүстік-Қазақстан» мемлекеттік табиғи қорық аймағына, Шиелі, Сырдария, Арал аудандарына қайта жерсіндіруге (реинтродукция) № KZ49VDY00000123 санды рұқсат құжаты электронды түрде берілді.
Инспекция қызметкерлерімен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының және «International Fund for Houbara Conservation-Kazakhstan» (Интернешнл Фанд фо Хубара Консервейшн-Қазақстан)» Корпоративтік қоры өкілдерінің қатысуымен 2024 жылғы 14 тамыз 31 қазан аралығында 2357 бас аналық, 3243 бас аталық 1 жылдық Дуадақ құстарын қайта жерсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Р. Бурабаев,
«Қызылорда облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясы»
РММ-нің жануарлар дүниесі және
аңшылық шаруашылығы
бөлімінің басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<