Ерлан Қошанов: Азаматтардың талап-тілектерін орындауға ерекше көңіл бөлу керек

257

0

Фото: видео скрин

Кеше Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда биыл қаңтар айында депутаттардың өңірлерге сапары барысында түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау қорытындылары туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сайлаушылардың талап-тілегін орындау бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдау дәстүрге айналғанын атап өтті. Ол мұндай жұмыс форматының дұрыстығы дәлелденіп, тиімділігін көрсеткенін айтты.

– Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» мәні осында. Бүгін біз мемлекеттік органдармен бірге сайлаушылардың өтініштерін қарау нәтижелерін жан-жақты талқыладық. Олардың әрқайсысы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Тек осындай отырыстарда ғана емес, депутаттар мен Үкімет мүшелері күнделікті байланыста болуы қажет деп ойлаймын. Мемлекеттік органдар оларды дереу шешуі қажет, шара қолдануы керек, – деді Е.Қошанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<