Мәдениет және спорт саласы қарқынды дамуда

200

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шиелі ауданы көмейіне бұлбұл ұя салған жезтаңдай әншілердің мекені. Осыған сәйкес, 2023 жылы өңірімізде аудан, аймақ дамуына үлесін қосқан тұлғалардың есімі ұлықталып, насихатталды. Атап айтар болсақ, Социалистік Еңбек Ері Жадыра Таспамбетованың 70 жылдығына арналған «Қайсар қанат Сырдың қызы Жадыра», Жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың 95 жылдығына орай, «Уақыт айнасының сардары», Қазақ КСР-нің Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Мың әйелдің мінезін жеткізген – Бикен», қоғам қайраткері Фируза Жүсіпованың 100 жылдығына арналған «Орны бөлек өзгеден Феруза еді…», Социалистік Еңбек Ері, батыр ана Ұлбала Алтайбаеваның 100 жылдығына арналған «Еңбегін елге арнаған Батыр ана», ақпарат саласының үздігі, жазушы, журналист, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Нұрмахан Елтайдың 70 жасқа толуына орай «Қаламы қарымды журналист» атты көптеген кештер ұйымдастырылды. Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.

-Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдени – шығармашылық орталығы ғимаратына аудандық бюджеттен 129 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени орындарды қайта қалыпқа келтіру мақсатында жеті әулие мекен еткен «Оқшы ата» кешені демеушілер есебінен 25 млн теңгеге жарық жүргізіліп, 6 млн теңгеге ауыз су жеткізу жүргізіледі. «Қыш ата», «Ғайып ата», «Оқшы ата», «Асан ата» мазараттары 39 млн 516 мың теңгеге қайта құрлымдаудан өткізілетін болады -, Нұржан Сәбитұлы.

Брифингте аудан әкімі спорт саласындағы жетістіктер мен жаңалықтарды да айтып өтті.

-Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, рухани дамудың қайнар көзі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, елдікті ұран ету мақсатында ауданымызда Мұстафа Шоқай, Бала би, Ыбырай Жақаев және Әбдіманап Шорабаев атындағы республикалық турнирлер дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Нәтижесінде, 2023 жылы аудан спортшылары республикалық жарыстар мен чемпионаттарда 19 алтын, 11 күміс, 33 қола, әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс, Азия біріншілігінен 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.
Шиелі ауданы «Алтын күз – 2023» облыстық спартакиадасында спорттың 16 түрін қамтыған бәсекеде І орынды еншіледі.Бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданындағы спорт кешенінің ашық алаңын күрделі жөндеуге 237 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, құрылысы 2022 жылы басталған Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне 583 млн теңге бөлініп, ел игілігіне пайдалануға берілді,- Нұржан Сәбитұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<