«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабы 30) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау – осы Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау түсініледі.
Ал, Заңның 37-бабында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылатындағы және НҚА ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде де электрондық түрде жүзеге асырылатындығы айқындалған.
Бұл норма, Еліміздің Ата Заңының 4-бабында да көрсетіліп, НҚА ресми жариялаудың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңыздылығын айқындай түсті.
НҚА алғашқы ресми жариялау олар күшіне енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс екендігін атап өткен жөн.
НҚА ресми жариялауды Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты және оның аумақтық филиалдары Заңның 42-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың НҚА бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етеді.
Әділет департаменті НҚА ресми жариялану жағдайын бақылап, Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп жүйелі түрде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тиісті қызметкерлеріне түсіндірме семинар өткізутәжірибесі қалыптасқан.
Н.Бодыбаев,
облыстық Әділет департаментінің
нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің
басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<