Ел экономикасының дамуы, түрлі салалардың ілгерілеуі және Қазақстан азаматтарының өмір сапасының жақсаруы – өз ісінің шебері саналатын еңбек адамдарына тікелей байланысты. Қазақстан Халық партиясы жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек адамы» жобасын қолға алған болатын. Осы жоба шеңберінде қазір түрлі шаралар өтуде.
Соның бірі ҚХП Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде өткізілді. Шараға студенттер және нағыз өз ісінің кәсіби мамандары, еңбек адамдары қатысты. Олар Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының Мал шаруашылығы дамыту бөлімінің басшысы АБДИРАСУЛОВ Даулетбек Жәнібекұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалының Техникалық бөлімінің басшысы МУСАЕВ Жұлдызбай Ақпанұлы. Кеш қонақтары мықты маманға қашанда сұраныс жоғары екендігін, жұмысшы мамандықтардың ел өмірі үшін маңыздылығын тілге тиек етті. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл шара жастарға тың серпін сыйлады.
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі 34 мамандық бойынша орта буынды техник мамандарды оқытады. 2024-2025 оқу жылында колледжге 572 білім алушыны 1- курсқа қабылданды. Барлық білім алушылар саны 1800, онын 1400- күндізгі бөлімде дәріс алуда. 2024 жылы колледжді 356 бітірді. Бітірушілердің 75 пайызы жұмыспен қамтылды. Оның ішінде ЖОО-да өз мамандығы бойынша білімін жалғастырушылыр, Әскер қатарына шақырылғандар бар. Колледж Ауылшаруашылығы,темір жол мамандықтары, энергетика, құрылыс, көлік салалары бойынша мамандар дайындайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<