Оралға бет алған ұшақта жүрегі ұстаған жолаушыға көмектескен дәрігердің кім екені анықталды

209

0

Фото: Көлік министрлігі

2 наурыз күні Алматыдан Оралға ұшқан Air Astana әуе компаниясының КС 881 рейсінде жүрегі ұстаған жолаушыға жәрдем берген дәрігердің кім екені анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жас жігіттің бағына орай бортта дәрігер болған.

Сұрастыра келгенде, ол жоғары санатты дәрігер-терапевт Ұлболсын Сабирова болып шықты. Еңбек өтілі – 29 жыл. Ресейдің Самара облысынан көшіп келген. 2023 жылдан бері Қазақстанда тұрып жатыр.

Ол аталмыш ұшақ бортында науқасқа шұғыл жәрдем бергенін растады.

«Біз қайда болсақ та, дәрігерміз. Сондықтан жаны қысылған адамға қолұшын созу – борышымыз. Оқиғаның бүге-шігесіне дейін айтпай-ақ қояйын. Қайта барлық жәрдемдескен адамдарға ризашылығымды білдіргім келеді. Әсіресе, қысылтаяң сәтте ұшақ экипажы өз қызметтерін сауатты атқарды. Бортсерік, стюардессалар да аянып қалған жоқ. Соның нәтижесінде жасы қырыққа жақындаған жас ер адамды Алматы әуежайында жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық. Мен қазір Орал қаласындамын. Осында жұмысқа орналасып, дәрігерлік қызметімді жалғастырмақшымын», – деді Ұ.Сабирова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<