Пайдасы көп 10 Telegram-бот

1520

0

Telegram мессенджерінде қолданушы қажетін өтейтін алуан түрлі бот бар. Massaget.kz ең пайдалы 10 ботты ұсынады.

@Kenes1414Bot – Қазақстандағы ең танымал бот. Оның көмегімен ХҚКО қызметтерін онлайн алуға болады.

@sozdikqor_bot – sozdikqor.kz сайтының боты. Мұнда қазақша кез келген сөздің мағынасын, түсіндірмесін, анықтамасын мысал арқылы білуге болады.

@text4instabot – Instagram-ға пост жариялағанда кәдеге жарайтын бот. Ол мәтіндегі абзацтарды ажыратып, Instagram-ға сай етіп дайындап береді.

@LyBot – YouTube-тегі видеоны аудиоформатқа ауыстыратын бот. Оған видео сілтемесін жіберсе жеткілікті.

@SaveYoutubeBot – YouTube-тегі видеоны жүктейтін бот. Бұл да видеоны аудиоформатқа ауыстыра алады.

@Kitapkzbot – қазақша кітап жүктейтін бот.

@ControllerBot – Telegram-каналға пост жариялауға көмектесетін бот.

@InstaBot – Instagram-нан пост, сторис, аватар, IGTV видео жүктейтін бот.

@SkeddyBot – хабарлама жасайтын бот. Оған «сағат 12:15-те, көзге жаттығу жасау» деп енгізіп қойсаңыз, дәл сол уақытта хабарлама жіберіп, еске салады.

@AndyRobot – ағылшынша сөйлейтін бот. Оған сұрақ қойып, ағылшынша практика жасауға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<