Парижде XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан Еркін Ғаббасов Қазақстан құрамасына алғашқы медальды алып келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.
Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж алды. Ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Парижде басталып жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сынға түсетіні туралы жазған едік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<