Петропавлда тағы бір көпқабатты үйден өрт шықты

312

0

Бүгін таңертең Петропавлдың Назарбаев көшесіндегі  221 үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Осыдан екі күн ғана бұрын осы жердегі басқа үйден де өрт шыққан. Бұлардың бәрі де бұрын жатақхана болған ғимараттар. Бұл жолғы өрт үйдің бірінші қабатындағы қонақүйдің жертөлесінде орналасқан саунадан шығыпты. Қонақ үйден екі адам эвакуацияланған. Ғимараттан 50 литрлік газ балоны шығарылып, зарарсыздандырылды. Егер ол жарылған болса зардап шегушілердің саны бірнеше ондаған адам болар еді.

Өрт сөндіру таңертеңгі 09.46-да басталып, 10.25 минутта аяқталды. Оған 29 адам мен 6 техника қатыстырылған. Зардап шегушілер жоқ.

Қазір өрттің шығу себептері мен келтірілген зияны анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<