QazaqGPT жобасы Digital Almaty 2024 форумында

609

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Біздің өңірде талантты да талапты жастардың өз идеяларын еркін іске асыруына әрдайым облыс әкімінің қолдауы бар.

Жерлесіміз 16 жастағы Асылжан Абдуллаев алғаш рет қазақ аудиториясына арнап жасанды интеллект жобасын жасап, көпке танылды.

Ол Digital Almaty: «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық, халықаралық форумының көрмесіне өзінің құны 1 млн.теңге тұратын алғашқы жобасын қоюға мүмкіндік алды.

ІТ қауымдастық өкілдері мен отандық кәсіпкерлер жас өнертапқыштың QazaqGPT жобасына қызығушылық танытты.

Бұл форум дарынды жастың ІТ саласында үлкен нарыққа жолдама алуына жол ашады деп санаймыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<