Қуыршақ театрын тамашалады

505

0

Н.Бекежанов атындағы драма театрда
«Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының қойылымы болды. Қойылымды Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «2022 жыл Балалар жылы» деп жариялануына орай мүгедектігі бар балаларды тамашалады.

Қазан айы-дүниежүзілік Дауна синдромы туралы ақпарат жеткізу айы болып жарияланған. Дауна синдромы бар балалар қуыршақ театрына саяхат жасап «Балапан қораз» атты балалар спектаклін көрді.

Шараның мақсаты: Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. – Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент.

Іс-шара Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтіп жатыр.
Шараға 30-дан астам дауна синдромы бар балалар қатысты және оларға арнайы бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<