Рейд жұмыстары жүйелі жүргізілуде

128

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Ауданда халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Осыған байланысты кезекті рет түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Бала тәрбиесінде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұғалімдер ғана емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір ата-ана жауапкершіліктен жалтармай, балаларының тәртібін қадағалап, үнемі бақылауда ұстауы және төмендегі ескертпені назарға алуы керек.

Тәртіп сақшылары, ұстаздар, ата-аналар және үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құралған топ мүшелері жасөспірімдерге беймезгіл уақытта жүруге болматынын ескертті.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеліп соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<