Шеберлік шыңдалды

799

0

Кеше Ғылым күні қарсаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Инженерлі-технологиялық институты «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Информатика» пәнінен мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға ЖОО «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің оқытушылары, қалалық және аудандық орта мектеп мұғалімдері және олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – олимпиадада қамтылатын тақырыптар; олимпиадалық есептерді шешуде бағдарламаларды әзірлеу; «Школа программиста» сайты арқылы олимпиадаға дайындау мүмкіндіктерін талдау және онымен жұмыс жасау ерекшеліктері; олимпиадаға дайындаудың әдіс-тәсілдерін талқылау.

Дөңгелек үстел аясында университеттің қауымдастырылған профессоры, ф.-м.ғ.к. Ә.Төрешбаев мектеп оқушысының «Биологиялық түрлер популяциясы динамикасының математикалық моделін құру және зерттеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын талдай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қыр-сырын, кездесетін қателіктерді, оны шешу жолдарын қарастырса, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, «Олимпиадалық бағдарламалау» студенттік ғылыми үйірменің жетекшісі, математика магистрі Р.Мырзаев мысалдар арқылы мазмұнды баяндама жасады.

Іс-шара барысында институт директоры, т.ғ.к. Г.Асқарова және «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының  меңгерушісі, РhD Н.Қоңырбаев тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып өтті. Шетелде академиялық ұтқырлықпен білімін шыңдап келген ИС-20-1м оқу тобының магистранты А.Қайырбек жаңашыл ойларымен бөлісті.

Оқушыларымыздың әр жеткен жетістігі – ұстаздардың ұшан еңбегі, мектептің абыройы, еліміздің білімі мен мәдениетінің артуы. Сондықтан, оқушылар арасында физика-математика және информатика ғылымдарын насихаттау аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында мұғалімдер өз кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін алдағы уақытта жоғары белестерге қол жеткізетіндей көрсететініне сеніміміз мол.

Нұржанар Тұрлығұлова,

Қорқыт Ата атындағы ҚУ

«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы,

жаратылыс ғылымдарының магистрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<