Судағы тіршілік иелеріне қолайлы жағдай жасалуда

349

0

Фото: Табиғи ресурстар

Облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) резервтік қорда орналасқан су айдындарында ауа райының салқындауына байланысты мұз қабаты қалаңдауда. Осы орайда судағы тіршілік иелерінің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау жалғасуда.

Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған орман шаруашылықтары мекемесінің мамандары резертік қорда орналасқан «Ақбілек», «Төртқұлақ», «Қамыстықақ» және «Шұқыр-ой» көлдерінде балықтардың жаппай қырылу қауіпін алдын алу және судағы өзге тіршілік иелеріне оттегі жеткізу мақсатында үкі ою жұмыстарын жүргізді.

Үкі ою жұмыстарына 24 адам, 6 техника жұмылдырылып, барлығы 83 мұзойықтарын ойып, қамыс бауларын салу арқылы тіршілік иелеріне ауа жіберілді.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<