Тоқаев жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады

408

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің экономикалық саясатымыздың базалық мақсаты – өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың сапалы әрі инклюзивті тұрмысы қамтамасыз етілуі керек», – деді Президент.

Сондай-ақ, ол баршаға бірдей мүмкіндік жасау жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болуы керектігін атап өтті.

«Жаңа экономикалық бағдардың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру яғни, мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс килігуінен кету; бәсекелестікті дамытып, баршаға бірдей мүмкіндік жасау және әрине, ұлттық табысты әділетті бөлу болмақ.», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кету керек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<