Жаңақорғанда шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері уақытша сөніп тұр

193

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындарына техникалық себептерге байланысты 101, 112 байланыс телефондары уақытша қолжетімсіз болып тұр.

«Бұл телефондар уақытша жұмыс жасамай тұрғандығын ескертеміз. Сол себепті, тұрғындар төтенше жағдай болған жағдайда тиісті ұялы телефондарға хабарласуларына болады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Жаңақорған ауданы Қызылорда облысының оңтүстігінде орналасқан. Тұрғындар саны жөнінен өңірде бірінші орында тұр. Онда 86 мыңнан астам адам тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<