Сенат депутаттығына үміткер ретінде қатысады

2481

1


Ақмарал Әлназарова Парламент Сенаты депутаттығына үміткер ретінде қатысуды ұйғарып отыр. Бұл туралы жетекші партия филиалының актив отырысында белгілі болды.

Ол 2019 жылдың 17 сәуірінен бастап «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

«Қазіргі таңда Ақмарал Шәріпбайқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер ретінде қатысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды», – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы Ақмарал Әлназарованың жұмысына сәттілік тілеп, облыстық партия филиалы төрағасының Алғыс хатын табыстады.

Еске салсақ, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Ләйла Төрешова тағайындалды.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<