Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

983

3

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының актив отырысы өтті. Активте «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен және облыстық партия филиалы саяси кеңесінің келісімімен «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Төрешова Ләйлә Бегалықызы тағайындалды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ләйлә Төрешованың еңбек жолына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Ләйлә Бегалықызы еңбек жолын аудандық мектепте мұғалімдіктен бастап, мемлекеттік қызметте мол тәжірибеден өткен. Ішкі саясат саласында саяси партиялармен, Үкіметтік емес ұйымдармен,Қоғамдық кеңеспен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, этно-мәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына зор үлесін қосты»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз