Тұрғын үй: жаңа міндеттер пысықтала түседі

1439

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен тұрғын үй саясатын жүргізудің жаңа тетіктеріне арналған мәжіліс өтті. Жиынға бірқатар сала басшылары мен онлайн селекторлық режимде қала және аудан әкімдері қатысты.

Аймақ басшысы Президент Жолдауында айқындалған тұрғын үйге мұқтаж халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдерді енгізу арқылы тұрғын үй саясатын жүргізудің жаңа тетіктеріне қарай жұмысты жетілдіру керек екенін атап өтті.

Мәжілісте облыстық құры­лыс, сәулет және қала құ­рылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді енгізу бағытында негізгі басымдықтар туралы баяндады.

Тұрғын үй кезектілігі мәселесін шешу үшін «Қазақ­станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде «Отбасы банкі» құрылды. Бұл мақсатта «Отбасы банкі» базасынан «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын орталықтандырылған негізде есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің «қолжетімділік сатысына» сәйкес бөлуді жүзеге асырады. «Тұрғын үй­мен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың» базасымен жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорлары бірік­тіріліп, аза­маттар мемлекеттік бағ­дарламаларға бір рет қана қатыса алады. Бұл үшін тұрғын үй қорын басқаратын құрылыстың «Бірыңғай операторы» іске қосылатын болады.

Жиында басқарма басшысы жаңа тәсілде тұрғын үйге мұқтаждарды іріктеу нақты табыстары бойынша жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 1,6 мыңға өсіп, бүгінде 30 мың адамға жеткен.

Отырыста Бердияр Пірім­бетов тұрғын үй саясатын енгізудегі екінші механизм, яғни, ауылдық жерлерде тұрғын үй салу тетігі бойынша алдағы міндеттерді баян­дады. Бұл механизм Мем­лекет басшысының тапсыр­масына сәйкес, ауылдар­да жұмыс­шы­лары үшін тұр­ғын үй салудағы жұмыс бе­ру­ші шығындарының 50%-ін субсидиялауды көз­дейді. Субсидиялауға облыс және аудан орталықтары, моно және шағын қалалар, агломерация құрамындағы елді мекендер жіберілмейді. Аталған механизмді жүзеге асыру ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға және қа­лаларға тұрғындардың көшуін тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні 5 аудан бо­йынша 9 елді мекенде 13 ауыл шаруашылығы құрылымдары 54 үй салуға ниет білдірген.

Отырыста «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда фи­лиалының директоры Әділжан Сәулебаев мем­ле­кеттік бағдарламалар ар­қылы тұрғын үй алуға ниетті азаматтардың үлесі мен салым салу мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге, Қызылорда облысының құрылысшылар ассоциациясының төрағасы Манарбек Еспенбетов бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Жиын барысында облыс әкімі Әділжан Сәулебаевқа Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бір­лесіп, тұрғын үй саясатына енгізіліп жатқан жаңа тәсілдерді заңдылыққа сәйкес үйлестіруді тапсырды.

Айта кетейік, 2020 жылы  барлығы 408 пәтерді құрайтын 39 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, 150 пәтерлі 5 үй жалға берілетін, 90 пәтерлі 30 кредиттік, 168 пәтерлі 4 коммерциялық үйлер бар. Ал, «Отбасы банкі» арқылы жеңілдетілген несие­мен 548 отбасы баспаналы болды.

Аймақта биыл 1858 пәтерлі 99 үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл аяғына дейін 1575 пәтерлі 61 үйді пайдалануға беру жос­парланып отыр.

Облыс әкімі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына жаңа тетіктерге қатысты мәселелерді пысықтауды, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық басқармасы Қы­зыл­орда қаласы және аудан әкімдіктерімен және «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалымен бірлесіп, жаңа тетіктер негізінде облыс бо­йынша тұрғын үй кезектілігіне қатысты салалық министрлікке ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне барлық инфрақұрылым желі­лерімен қамтамасыз етіл­ген тұрғын аудандарда ком­мер­циялық, арендалық, кре­­­диттік тұрғын үйлердің жо­ба­­ларын орналастыру бағы­тында жұ­мыстар жүргізуді мін­деттеді. Күн тәртібінде көтерілген мәселелердің орындалуын ба­қылауға алуды орынбасары Серік Сүлейменовке тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<