Биылдан бастап аутизмге шалдыққан балалар санаторийде тегін демалады

960

0

Ақмола облысында «Шипажай-2023» ғылыми-практикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов өз сөзінде санаторлық-курорттық емдеу және сауықтыру жүйесі халық үшін, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін кең қолжетімділікті іске асыруға бағдарлануы тиіс екенін атап өтті.

2021 жылдан бастап санаторлық-курорттық емдеу қызметін көрсету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізіледі.

Онда мүгедектігі бар адамдар қызмет көрсетушіні өз бетінше таңдайды.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Әлеуметтік кодекстің жаңашылдығы – ақыл-ой кемістігі бар (аутизм спектрінің бұзылуы) балаларға арналған санаторлық-курорттық емдеу.

Олар ата-аналарының немесе қамқоршыларының міндетті сүйемелдеуімен санаторий-курорттық ұйымдарға жіберіледі.

Биыл пилоттық режимде мыңға жуық баланы жіберу жоспарланып отыр.

Жекелеген бағыт бойынша еліміздің барлық санаторийлерінде мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті түрде қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі айтылды.

Сондай-ақ, сапар аясында төраға Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін Щучинск қаласы мен Бурабай кентінің бірқатар санаторийлеріне барды.

Санаторийлер әкімшілігімен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оңалту іс-шаралары, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны міндетті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<