Сан салалы сапалы көмек

138

0

Фото: Автордан

Қазір адам ағзасы ішкі мүшелерінің жүйелі жұмысына тиер зиянды залал көп. «Бірінші байлық – денсаулық» дегенді естен шығармаған жөн. Жарқын өмір сүру үшін ең алдымен деннің саулығы қажет. Медицина саласының қызметкерлері дерттің шарықтауына жол бермей, ауруды ауыздықтау мақсатында білімін толықтырып, оған төтеп беруге даяр тұрады.

Қазалы теміржол ауруханасы халыққа бір ғасырдан астам уақыттан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. ХХ ғасырдың басында Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ретінде ашылған. Онда ең әуелі фельдшер және акушер болған. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржол ауруханасы госпитальға айналған. Түрлі жарақатпен түскен сарбаздарға ем жасаған.

Бүгінде теміржол ауруханасы Қа­залы аумағында тіркелген халыққа жә­не Арал, Қармақшы аудандарында тұ­ратын теміржолшыларға, олардың от­басыларына, теміржолшы зейнеткер­лерге көпсалалы мамандандырылған, ал­ғашқы медико-санитарлық, кон­суль­тациялық-диагностикалық медици­на­лық көмек көрсетеді.

Жалпы аурухана кешені үш қа­батты ғимаратта орналасқан, 150 ке­реуетке есеп­­телген. Құрылымында консуль­та­циялық-диагностикалық қызмет көр­сету үшін бір ауысымда 350-400 адам­ды қабылдауға арналған теміржол ем­­ха­­насы жұмыс істеп тұр.

Мұнда ересектер мен балаларға көр­сетілетін амбулаториялық-емханалық, шұғыл алғашқы, ересектер мен бала­ларға көрсетілетін стационарды алмас­тыратын, мамандықтар бойынша кон­сультациялық-диагностикалық жә­не ста­ционарлық-медициналық кө­мек­тер, анестезиология және реанима­то­ло­гия, неф­­ро­логия, жалпы терапия, жал­пы хирур­гия, акушерлік және гине­кология, нев­ропа­тология, оторино­ларин­голо­гия, эндокринология, педиат­рия, жал­пы дәрігерлік тәжірибе, кардио­логия, гас­­троэнтерология, дермато­вене­ро­ло­гия, стоматология (терапевтік, ор­то­­пе­диялық, хирургиялық), оф­таль­мология, травматология және орто­педия, аллергология, пульмоно­ло­гия, онкология, рентгенология, ней­ро­хирургия, медициналық реабили­тология, дәстүрлі медицина, урология, транс­фузиология, психиатрия, нарко­логия, гематология, ревматология, фти­зиатрия, физиотерапия, емдік де­нешынықтыру, массаж, эксперттік ме­дициналық көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ ауруханада балалар мен ересектер арасында нысаналы мақ­саттағы топта «В», «С» гепатитіне, әйел­дер ар­асында жатыр обырына, ере­сектер арасында тік және тоқ ішек обырларына колоноскоптық әдісімен тексеру, ерлер арасында қуық безі, асқазан, өңеш, бауыр обырына, қан айналым жүйесі ауруларына, су қараңғылыққа, қант диа­бетіне тексеру жүргізіледі.

Қазалы теміржол ауруханасының басты мақсаты – тіркелімдегі тұрғын­дарға, теміржолшыларға және олар­дың отбасыларына сапалы емдеу-про­фи­лактикалық медициналық көмек көр­сету. Сондықтан емделуге жатқызу үрдісі реттеліп, емделушілердің қол­жетімді медициналық көмек алу құ­қығы қамтамасыз етілген. Жос­пар­лы емдеу кезінде ауруханаға жат­қыз­бай, бас тарту жағдайлары жоқ. Ау­руханаға науқастар көрсетілімдері бо­йынша жоспарлы түрде, Портал бюросы арқылы қабылданады және тәу­ліктік стационарға жедел түрде түс­кен науқастар, оның ішінде трасса бойында болған жарақаттар, пойыздан түсіріп алған науқастар емделеді. Қал­ған науқастар күндізгі ауруханада қаралады.

– Ауыз толтыра айтатын ауқымды жұмысымыздың бірі – 2016 жылдың 15 ақпаннан бастап, облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасының бұйры­ғына сәйкес, аурухананың төсек қоры шеңберінде 24 төсектік нейроин­сульт­тік орталық ашылды. Сол жылдан бе­рі 10 төсек ерте оңалту бөлімі жұмыс жа­сауда. Көп ұзатпай қосымша 10 төсек кеш оңалту бөлімі іске қосылды. Мұнда дәрігер реабилитолог, невропатолог, травматолог, кардиолог, педиатр, пси­холог, логопед, массажист, емдік-дене­шынықтыру мамандары инсульт алған және басқа науқастарға медициналық қызмет көрсетуде. Оңалту бөлімдері қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтылған, – дейді теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Жан­арыстанқызы.

Бас дәрігердің мәліметіне сүйен­сек, 1994 жылдың тамыз айында Қа­­за­лы теміржол ауруханасының бас­­­шысы болып Құбыл Ршымбетов та­ға­­йындалған. Ол жаңа типтік аурухана құрылысының толық аяқталуына жә­не қажетті медицина са­ласындағы за­манауи озық үлгідегі құ­рылғылармен жабдықтауға тікелей сеп­тігін тигізді.

Хирургиялық, паллиативтік, гине­кологиялық, терапиялық, невро­логия­лық, нейроинсульттік, реаби­литация, ба­лалар, реанимация, ақылы қызмет бө­лімі, күндізгі стационар бар.

Сонымен қатар параклиникалық бөлімдер – клиникодиагностикалық, бак­териологиялық, биохимиялық, се­ро­логиялық, иммуно-ферменттік зерт­­ха­на жұмыс істеп тұр. Функ­цио­­нал­дық диагностика жүргізіледі. Оған рент­генологиялық, рентгенос­ко­­пия­лық зерт­теулер, маммография, рентген, ком­пью­терлік томография, ра­диоизотоптық диагностика (МРТ), «С-дуга» рент­ге­но­диаг­ностикалық ап­парат, доп­ле­рография, барокамера, УДТ-диаг­ностика, эхо-энцефаллоскопиялық, фиб­рогастроскопиялық, эхоэнце­фалло­графиялық, доплерографиялық зерт­теу­лер енеді.

Бұған қоса физиотерапиялық бөлім қызметінде емдік-денешынықтыру, соқ­­қылы толқын терапиясы, үгу столы, мойын массажын жасау аппараты, па­рафин, емдік массаж, емдік тұзды және 10 түрлі дәрілік ванна, кедр саунасы, суасты массажы, джакузи, мануалдық емдеу, Су-Джок емдеу, барокамера ха­лықтың денсаулығын түзетуге бағыт­талған.

Жаңа ғасырға аяқ басқан жылдары УЗИ, плазмаферез, лазер аппараттары, гастрофиброскоп, барокамера, мам­мо­графия, ультрадыбысты допле­ро­­граф, электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия», анықтаушы про­цес­сор, ВС-3000 автомат гемато­ло­гиялық ана­лизатор, ИФА аппараты, ВА-88 жар­­тылай автомат­ты био­химия­лық ана­лизатор, эндови­део­ла­­паро­томия, оф­­тальмоскоп әкелін­ді. Кейін ком­пьютерлік томография және «С-дуга» рентген аппаратына қол жеткізілді. Екі жыл бұрын қосымша залалсыздандыру бөліміне стерилизатор, ресейлік ауа стерилизаторы алынды. Гинекология бөліміне видеокальпоскоп СЗ, жоғары жиілікті электрохирургиялық аппарат «Фотек», дәріханаға медициналық электрлік аквадистиллятор қосылды. Емхана бөліміне «Жеңіс» рентген флю­орографиялық сандық аппараты, NeuViz 16 қайта қолданылатын КT ска­нерлеу жүйесі, CR AG рентген жә­не маммографиялық бейнелерін диаг­­нос­тикалауға, мұрағаттауға ар­налған цифрлық аппарат, TPS-IIM стома­то­логиялық термиялық ин­жек­циялық қон­дырғы, рентгендік жал­пақ панельді сандық детектор, ауа комп­рессоры Ajax 220k 50 л, тер­мо­принтері бар ото­акус­тикалық эмиссияны тір­кеу­дің портативті құрылғысы, Ajax AJ11 стоматологиялық қондырғысы қо­йыл­ды. Келушілерді тіркейтін қабылдау бөліміне 12 арналы электрокардиограф, электрлік аквадистиллятор берілді.

Сонымен бірге жансақтау бөлі­мі­не 9 функционалды кереует, физиотера­пия­лық бөлімге дененің жоғарғы және төменгі бөліктеріне арналған екі-екіден жаттығу құрылғысы мен велотренажер алынды. Хирургия бөлімінде ота жа­сауға септігі мол ішкі резервті пай­да­ланып анестезиологиялық жұмыс стан­циясы «Fabius Tiro ASBL-0063» диагностикалық аппараттары көмек көр­сету үшін сумен емдейтін бөлім ашылды.

Компьютерлік томография аппа­ра­тымен Арал, Қазалы және Қар­мақ­шы аудандарының халқына қызмет көрсетіледі. Оның ішінде ауруха­наға бекітілген стационарлық нау­қастар, мү­гедектер, зейнеткерлер, жасөс­пірімдер, «Батыр ана» орденімен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен мара­пат­талған әйелдер және медициналық ұйым­дардың жолдамасы бойынша па­циенттер тегін өткізіледі.

Тұрғындарға сапалы медициналық қызметті уақытылы көрсету мақсатында 4-категориялы шақыртуларға аурухана қабылдау бөлімінен арнайы бригада жедел жәрдем ашылды. Қызмет көр­сетуге 2 автокөлік бөлінді. Амбу­ла­ториялық деңгейде уақытылы меди­ци­налық қызмет көрсетуге үйге шақырту мен белгілі дертімен диспан­серлік тір­кеуде тұрғандарды аралау үшін 4 автокөлік бар.

Реанимация бөліміне кіші ота зал­­дарына екі үлкен орталықтан­ды­рыл­ған оттегі қосылды. Қосымша жаб­­дықтарымен екі функционалдық ке­реует алынды. Рентген аппаратқа оциф­ров­щик аппараты қосылды. Жаңа типті стоматологиялық құрылғы пайдалануға берілді. Аурухананың барлық бөлім­дерінің үй-жайларына ішкі-сыртқы ағым­дағы жөндеу жұмыстары уақы­тылы жүргізіліп отырады.

Бұдан бөлек зертхана бөлімінен қо­сымша серологиялық зерттеуге маман оқытылып, лицензия алынды. Барлық қажетті медициналық аппараттармен жабдықталды. Атап айтқанда, жарты­лай автоматты коагулометр ТС-4000, ав­томатты биохимиялық анали­затор, химиялық сорғыш шкафы, биноку­лярлы микроскоп, центрифуга, вакцина сақтайтын мұздатқыштар іске қосылды.

Ұжым құрамының ізденімпаздығы мен жылы қарым-қатынасының арқа­сын­да қаншама науқастың беті бері қарап, олардың алғысына бөленуде. Дегенмен бүгінгідей алмағайып уақыт­та ауру басқа кейіпте түрленіп, ағ­заға нұқсан келтіруде. Осындайда оның алдын алу бағытында заманауи жаб­дықтарға тапсырыс беру жағдайдың жылдам шешілуіне жол ашады. Өйт­песе жанға батқан дертті дөп басып нақты диагноз қою қиынның-қиыны. Қазалы теміржол ауруханасы ақ ха­латтылардың ісі іркіліссіз жүруіне жә­не медициналық зерттеу барысында сеп­тігін тигізетін бірқатар су жаңа құ­рылғымен жабдықталып, арнайы зерттеу орталығы ашылды.

Жақында бас ми ангиографиясы іске қосылып, тұрғындарға алғашқы ота жасалды.

– Бас ми ангиографиясының негізгі көрсеткіштеріне аневризма жатады, бұл патология қауіпті. Себебі ол инсульт тудыруы мүмкін. Келесісі – ангиома. Оны зерттеу тамырдың плексусымен және губка қуыстарымен ерекшеленетін тамырлы ісіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ишемиялық инсульт артерия бітеліп қалған кезде қан ұйығышын 95 пайыздан астам еріту қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Ге­моррагиялық инсульт диагностика ке­зінде мамандар қан кету көзін анық­тайды. Гематома ангиография бас та­­мырларының ангиографы гемато­маның мөлшерін және оның орналасқан жерін анықтау үшін жасалады, – дей­ді Қазалы теміржол ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орын­басары Асқар Ахмедов.

Асқар Сәдуақасұлының айтуынша, ми ісігі зерттеу барысында ісіктің мөл­шері мен оның сипатын анықтауға болады. Бас миының жарақаты зерттеу осындай алған жарақаттың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Тамырлы ақаулар диагностика патологияның ор­нын және қан кету көзін анықтайды.

Сонымен қатар аяқ-қол тамыр­ларының ангиографиялық көрсеткіш­теріне атеросклеротикалық ауруды анық­тау жатады. Зерттеу барысында ма­мандар қан тамырларының тарылу дәрежесін анықтайды. Диабеттік аяқ синдромын нақтылауда процедура та­мырлардың зақымдану дәрежесін анық­тай алады. Артерияның тары­луы­на әкелетін қабырға қан ұйығыш­тарын анықтау мүмкіндігі бар. Жүр­гізіліп жатқан дәрілік терапияның не­месе хирургиялық араласудың тиім­ді­лігін бағалайды. Диагностика емдеу нәтижелерін бағалауға, қан та­мыр­ла­рының қабырғаларында шөгін­ділердің азайғанын, тамырдың қалыпқа келгенін бақылайды. Жарақат алған жерлерді іздейді. Тамырлардың зақымданған же­рін іздеу мен зерттеу, олардың дефор­ма­цияларын анықтауға мүмкіндік бере­ді.

Аталған аппарат алынғалы отызға жуық ота жасалып, науқастардың ден­сау­лығы түзелуде.

Қазір жүрек ауруымен сырқаттану­шылар саны көбеюіне байланысты жиырма орындық терапия бөлімінің он кереуеті жаңадан ашылған кардиология бөліміне берілді. Осы күні мұнда сыр­қатқа шалдыққандар жүйелі ем алуда.

– Жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, бел­гілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым – медицинаның бір саласы.

Жүрек аймағындағы ауырсыну, оның жұмысындағы үзілістер, қан қы­сымының жоғарылауы, тез шаршау – бұл ауруханаға баруға басты себеп. Өйткені кез келген аурудың, әсіресе жүрек-қан тамырлары жүйесінің адам өміріне қауіп төндіретін асқынуларын күткеннен гөрі ерте кезеңде алдын алу немесе емдеу оңай екені ешкімге құпия емес.

Бөлімшені 15 адамнан асатын ма­мандар тобы құрайды. Тәжірибелі, мұ­қият және мейірімді қызметкерлер кө­мекке келуге әрқашан дайын. Жоғары мамандандырылған қызметкерлер то­бы үйлесімді жұмыс ат­қарады. Пациенттер белсенді өмір салтына тез оралуы үшін жаңа тех­ноло­гияларды қолданып және жеке ерек­шеліктерін ескеріп, оңалту бағдар­ламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді, – дейді теміржол ауруханасының бас дәрігері.

Қазалы теміржол ауруханасының басшысы Құбыл Ршымбетов халықтың денсаулығын түзеу мақсатында тағы бір жабдыққа қол жеткізді. Оның айтуынша, Wandong Medical компаниясы жаңашыл өнімді сұйық гелийсіз аса өткізгіш магнитті-резонансты «i_Vision 1.5T Plus» томографияны ойлап шығарды. Ол – жоғары тиімді криогенді ортаны, аса жоғары вакуумды, экстремалды адиабатикалық технологияны және басқа да озық технологияларды қамти­тын еркін салқындатылатын криогенді өткізгіш платформаны революциялық зерттеу және әзірлеу.

Мамандардың айтуынша, магнит ішінде сұйық гелийдің болуын талап етпейді. Бұл гелийсіз аса өткізгіш маг­ниттік-резонанстық томография туралы арманды жүзеге асыра отырып, өте төмен температурадағы тұрақты және біртекті ортаны қамтамасыз етеді. Сұ­йық гелийсіз аса өткізгіш магнитті-ре­зонанстық томография пациенттер мен медициналық мекемелерге айтарлықтай артықшылықтар әкеледі. Болашақ ме­дициналық визуализация үшін кең ауқымды қолдануды қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, төмен шығындар сұйық гелийдің жоғалуының бол­мауы, бұл бүкіл өмірлік цикл ішінде пай­далану шығыстарын төменде­теді. Жаңа аппаратта сұйық гелий қол­да­ныл­майтынымен магниттік резонанс саласында жаңа дәуір ашады. Бұл жағ­дайда квенч-құбырды монтаж­даудың, гелий қорын толықтырудың және оның булануына қауіптенудің қажеті жоқ.

Wandong Medical компаниясының «i_Vision 1.5T Plus» гелийсіз магнитті резонансты томографы (МРТ) – зама­науи диагностикалық құрылғы. Ол дәс­түрлі МРТ жүйелерінде қолданылатын сұйық гелийге тәуелділікті азайту не­месе то­лығымен жою арқылы маңызды ар­тықшылықтарды ұсынады.

Wandong Medical «i_Vision 1.5T Plus» жүйесі гелийсіз дизайн («Free-cool» криогендік платформа) артық­шылығымен сипатталады. Бұл жүйенің ең басты ерекшелігі – ішінде сұйық ге­лийді қажет етпей, тұрақты және бір­келкі төмен температура ортасын қам­тамасыз етеді. Ол гелийдің қайнап кетуінен (quench) немесе электр қуа­тының үзілуінен туындауы мүмкін проб­лемаларды болдырмайды. Сондай-ақ пайдалану шығындарын айтарлықтай төмендетеді. Өйткені гелийді толтыру қажет емес.

Тағы бір жаңадан алынған авс­триялық 3D, 4D УЗИ аппаратының мүм­­кіндігін түсіндірген Наурызбек Сырым­баев:

– Эксперт класты УЗИ аппаратымен акушерлік, гинекологиялық, урология­лық, кардиологиялық зерттеулер жа­саймыз. УЗИ диагностикасы – ауруды ерте анықтаудың озық тәсілі. Осы аппарат жүкті әйелдердегі ұрық және сәби денсаулығының да­му кезіндегі ақау­ларын алдын ала анық­тауға мүм­кіндік береді. Бала қозға­лысы мен іш­кі бітімі және ағзаларын анық көре аламыз. Сонымен бірге ере­сектердің ішкі ағза мүшелерін 20 ми­нутта қарап, зерттеу нәтижесін қолға береміз, – дейді Қазалы теміржол емха­насының І санатты узист дәрігері.

Оңтүстік Корея және австриялық заманауи құрылғының мүмкіндігі өте жоғары. Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында арнайы білімін жетілдірген мамандар жаңа жабдық арқылы жүйке, тірек-қимыл жүйесі, омыртқаның және жұлынның туа біткен патологияларын көре алады. Осылайша науқастарға дәл диагноз қойылып, емдеу шаралары жүр­гізіледі.

Емханаға ЛОР комбайн «XU1Smart» құрылғысы алынып, 2-санатты дәрігер отоларинголог Қуаныш Тақтаболатұлы қызмет көрсетуде. Жансақтау бөліміне өкпені жасанды желдету аппараты «VG70 BeiJing Aeonmed Cj Ltd» алынды.

Ауруханада тәуліктік мониторинг кешені «ЭКГ Валента» жабдығы іске қосылды. Залалсыздандыру бөлімі­не су­тегі асқын тотығының төмен тем­пе­ратуралы плазмалық стерилиза­торы 50 литр, ауа компрессоры (медициналық құралдарды ауамен кептіру) аппараты алынды.

Бауыр фиброзының дәрежесін ин­вазивті емес анықтауға арналған «FibroScan 530 Compacr Фиброскан» (ба­уырды тексеру) аппараты жұмысын бас­тады. Мамандар білімін жетілдірген. Қарапайым сөзбен айтқанда, фиброскан аппараты тек қана бауырдың негізгі қыз­метінің жұмыс жасауын, қатаюын жә­не қаншалықты май басқанын анық­тайды.

Үш өлшемді оптикалық когерентті томографияға арналған құрал, опера­циялық микроскоп ОМ-9 жиынтығы, оптикалық биометр OA-2000 моделі, TOMEY GmbH, офтальмологиялық хи­рургиялық жүйе Centurion Vision System аппараттарға қол жеткізілді. 2023 жылдан офтальмологиялық ота жасалуда. Отаны бірінші квали­фика­циялық санаты бар дәрігер офталь­молог Берік Жадырасын жүзеге асы­руда. Маман білімін жетілдірген, офталь­мо­логиялық қызметке лицензия бар. Был­тыр дәрігер офтальмолог Мұрат Байқадамовпен бірігіп Берік Балдақұлы алғаш рет көзге «Факоэмульсификация катаракты с имплантацией» диагнозы­мен ота жасалды.

Өткен жылы емхана бөлімінде жа­ңадан new Oriental 1000nc медициналық рентгендік-радиографиялық құрылғы іске қосылды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА