Австралиялық әнші қазақтың бүркітші қызына арнап клип түсірді (видео)

446

0

Танымал австралиялық әнші Sia «Angel by the Wings» әнін қазақтың бүркітші қызына арнап түсірген деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Айшолпан Нұрғайова Моңғолияда тұратын қазақ қызы. Оның бүркітшілік өнеріне тәнті болған танымал әнші клип түсіруге шешім қабылдаған. Соңғы жылдарда өзінің әнімен бейнебаяны арқылы ерекшеленетін Sia-ның бұл туындысы да көпшіліктің сүйспеншілігіне бөленген.
Айта кетейік, әлем бойынша бүркіт баптаумен айналысатын екі нәзік жанды бар. Олардың екеуі де қазақтың қыздары. Бірі клипке арқау болған Айшолпан болса, екіншісі қазақстандық – Мақпал Әбдіразақова.

https://www.youtube.com/watch?v=7xaW8210OMM​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<