Жапонияның шығысындағы Мацудо қаласында жеңіл автокөлік жергілікті клиника ғимаратын соғып, әйнек қабырғаны қиратып өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде екі адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
45 жастағы клиника науқасы мен автокөлікті басқарған 84 жастағы әйел жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастады. Соңғы жылдары Жапонияда егде жастағылардың қатысуымен болған жол апаты жиілеп кетті. Осыған байланысты жергілікті полиция егде жастағы адамдарды сенімсіздік болған жағдайда көлік жүргізу құқығынан өз бетінше бас тартуын сұрайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<