Алдағы 30 жылда жұмыс нарығында бағдарламашы қызметінің сұранысы артады. Бұл туралы «Яндекстің» технологияны дамыту бойынша директоры Григорий Бакунов мәлімдеді. «Бағдарламалық жасақтама дайындайтын қызметкердің болашағы зор. Бұл мамандықтың алдағы 30-40 жылда сұранысы арта береді. Бағдарламашы болашақ мамандығы деуге болады. Дәл осы сала адамзат өркениетінің дамуына үлес қосады.
Коронавирус пандемиясы бағдарламашылар үй жағдайында да жақсы жұмыс істей алатынын көрсетті. Осыған байланысты алыс елдімекенде тұратындар жақсы компанияда бағдарламашы болатынын түсінді. Қазір алпауыт компаниялар үлкен қалада шоғырланған. Жақын уақытта үлкен жобаға қатысу үшін қалада тұру міндетті емес», – деді Григорий Бакунов «Газета.Ru» басылымына берген сұхбатында. Сарапшының сөзінше, коронавирус пандемиясы қашықтан жұмыс істеуге мәжбүрлеу арқылы IT саланың дамуына әсер етеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта IT саланың көп қызметкері үй жағдайында жұмыс істеуге көшіп, жалақысы артады.
Дереккөз: Massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<