Ұлыбритания билігі Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуге арналған жоспарынан толықтай бас тартты, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.
Оған себеп — мемлекет ішінде коронавирустың жаңа штамының таралуы. Лондон, Уэльс, Шотландия және Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында 20 желтоқсан күні сағат 00.00-ден бастап 30 желтоқсанға дейін ең жоғары – төртінші деңгейдегі карантин енгізілді.
Елде барлық дүкендер (бірінші кезектегі тауарларды сатанын дүкендерді қоспағанда), сұлулық салондары мен спорт клубтары жабылуда.
Елдің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, VUI-202012/01 деп аталған COVID-19-дың жаңа мутациясының таралу қарқыны өте жоғары. Бүгінгі күні Лондондағы COVID-19 жұқтырғандардың 60%-дан астамында осы ерекше штамм анықталған. Сонымен қатар, алдын ала мәліметтер бойынша, аталған мутация алдыңғы штамға қарағанда жұқпалылығы 70% жоғары болуы мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<