АҚШ қорғаныс министрі келесі соғысқа дайын болу керек екенін айтты

539

0

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Конгресс өкілдері палатасының әскери істер жөніндегі комитетінде елдің жаңа соғыстарға дайын болу керек екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық әскери ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ллойд Остиннің айтуынша, «Тынық мұхиттық тежеу» бастамасы үшін бюджетке 5 миллиард доллар салынған. Бұл Қытайға көбірек көңіл бөлу қажеттігімен байланысты.

Остин бюджетті құру кезінде назарға алынған басты міндет ретінде «Ресейдің дұшпандығына, әсіресе киберкеңістікке, қарсы тұруды» атады. Киберкеңістіктегі операция мен киберқауіпсіздікке 10 миллиард доллар бөлу қарастырылып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<