Аустрияда коронавирусқа қарсы шектеулер күшейтілді

634

0

Дүйсенбі, 8 қарашадан бастап Аустрияда коронавирус инфекциясына қарсы шектеу әлдеқайда күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ға сілтеме жасап.

Көптеген қоғамдық орын, соның ішінде қоғамдық тамақтану орындары, шаштараз немесе 25 адамнан көп жиналатын шараларға енді тек екпе салдырған немесе вирусқа шалдығып, жазылып шыққандар ғана кіре алады (2G ережесі). Жұмыс орындарына жету үшін бұрынғыдай экспресс тест ұсыну жеткілікті. Өтпелі төрт апталық кезеңге 2G ережесіне кірмейтіндер ретінде ПТР-тест теріс қорытындысы бар, қос екпенің бірін алғаны туралы анықтамасы барлар ғана жіберіледі. «Жасыл төлқұжат» екінші екпе алған күннен бастап 9 ай бойы ғана қолданыста болады.

Қазір Аустрияда халықтың шамамен 65 пайызы коронавирус вакцинасын толық алған. Қазіргі кезде Аустрияда вирус жұқтыру көрсеткіші орташа есеппен алғанда 599 адам, ал бірқатар аудандарда ауру жұқтыру 100 мың тұрғынға шаққанда 900 оқиғаға шейін жеткен. Бұл 100 мың адамға шаққанда 200 жұқтыру деңгейінде болып тұрған Германиядағы жағдайдан әлдеқайда жоғары.

https://www.inform.kz/kz/austriyada-koronaviruska-karsy-shekteuler-kusheytildi_a3859379

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<