Британия ханшайымының күйеуі қайтыс болды

730

0

3 наурызда оның жүрегіне ота жасалған еді.
Британия патшайымы II Елизаветаның күйеуі ханзада Филип 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Корольдік мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор қамалында дүние салды»,– деп жазылған ханшайым жанұясының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Оның неден қайтыс болғаны жарияланбады. Екі айдан кейін яғни 10 маусымда ол 100 жыл жылдық мерейтойын атап өтуі тиіс болатын.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда Филипп ауруханаға жатқызылған еді. Бірнеше күн бұрын ол денсаулығының нашарлағынына шағымданған. Оның ауруханаға жатуына коронавирус инфекциясына қатысы жоқ басқа жұқпалы ауру себеп болды деп жарияланды. Филипп те, II Елизавета COVID-19 вирусына қарсы вакцина ектірген болатын.

1 наурызда Филипп созылмалы жүрек ауруын тексерту үшін Сент Варфоломей ауруханасына ауыстырылды. Екі күннен кейін оның жүрегіне ота жасалды. 16 наурызда ханзада ауруханадан шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<