Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

681

0

Эфиопия үкіметі 6 айға төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Эфиопия үкіметі қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Легесс Тулу мен әділет министрі және бас прокурор Гидеон Тимотиос мәлімдеді. Мұндай хабарлама премьер-министр Абий Ахмед азаматтарды өздерін «Тыграйды азат етудің халықтық майданынан» қорғану үшін қолдарына қару алуға шақырғаннан кейін 2 күн өткен соң жасалды. Агенттіктің мәліметінше, бұл шара ел астанасы Аддис-Абебаның солтүстігіндегі Амхара аймағындағы Дессия және Комбольча қалаларының айналасындағы жағдайға байланысты орын алып отыр.

https://www.inform.kz/kz/efiopiyada-totenshe-zhagday-zhariyalandy_a3857063

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<