Кабул әуежайындағы атыстан кейін өрт шықты

517

0

Дүйсенбі күні болған атыстан кейін Ауғанстан астанасы Кабулдағы халықаралық әуежайда өрт шықты. Бұл туралы Asharq Al-Awsat басылымы газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Газеттің деректеріне қарағанда, Кабул әуежайындағы өрт АҚШ әскери қызметшілері мен белгісіз адамдар арасындағы атыстан кейін басталған. Өрт пен оның салдарынан әуежайға келген шығын туралы толық ақпарат берілмеген.

Бұдан бұрын АҚШ армиясының орталық қолбасшылығының өкілі Уильям Урбан дүйсенбі күні таңертең Кабул әуежайында болған атыстан АҚШ пен коалиция әскері зардап шекпегенін мәлім еткен. Оның айтуынша, «Хамид Карзай халықаралық әуежайының солтүстік қақпасында болған қақтығыс салдарынан АҚШ әскері немесе коалиция зардап шекпеген. Дұшпандық ниеттегі белгісіз біреу әуежайға кіруді бақылайтын ауған қауіпсіздік күштеріне оқ атқан.

Урбанның сөзіне қарағанда, оқиға салдарынан «ауған күштерінің бір өкілі қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетілуде, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<