Қырғызстанда мемлекеттік аппарат саны 30 пайызға қысқарады

408

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Мемлекеттік аппарат санын қысқарту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік атқарушы билік және басқару органдары құрылымын оңтайландыру, қосарлаушы және артық функцияларды жою, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты ұстауға қарастырылған бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, Қырғызстан Республикасы Конституциясының 71-бабын басшылыққа ала отырып, Қырғызстан Республикасы Президенті әкімшілігі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, әкімшілік ведомстволар, атқарушы биліктің өзге мемлекеттік органдары, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер, мемлекеттік органдардың штаттық санын 30 пайызға қысқарту қаулы етілді», делінген сайтта жарияланған ақпаратта.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<