Жапония салқындатқыш әсері бар маска шығара бастады

1119

0

Жапонияның бірнеше компаниясы жаз мезгілінде адамдар өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін салқындатқыш әсері бар қорғаныш маска әзірлеуді бастап кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда және әлемнің басқа да елдерінде жазда қолдануға болатын маскаға деген сұраныс тез өсіп жатыр. Мамыр айының соңында Mizuno корпорациясы жеңіл атлетикаға арналған және шомылу киімін тігуге қолданылатын жұмсақ материалдан жасалған масканы сатуды бастады. 935 иен (8,5 АҚШ доллары) тұратын өнім үлкен танымалдыққа ие болды.

Сонымен қатар, онлайн-сатылымның алғашқы күнінде 20 000 данасы сатылды. Бадминтон, теннис және басқа да спорт түрлерінің арнайы киімін шығаратын Yonex Co. компаниясы шілде айының басынан бастап құрамында ксилиті бар «Very Cool» материалдарынан жасалған масканы сатылымға шығарады. Ксилит жылуды сіңіреді. Мұндай материал бадминтоннан жапон құрамасына, сондай-ақ кәсіби теннисшілерге арнайы киім тігу үшін қолданылады.

«Коронавирустан қорғау үшін адамдар масканы ұзақ тағып жүретіндіктен біздің технология пайдаланушыларға, ең болмағанда, ыстық ауа райында «салқын» режимін ұстап тұруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді Yonex өкілі.

Компания масканы 840 иеннен сатуды жоспарлап отыр. Uniqlo желісінің операторы Fast Retailing Co. компаниясы жазда жасалған дем алуға мүмкіндік беретін және тез кебетін материалды қолдана отырып, маска сатуды бастайды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<