Адал еңбек һәм шеберлік

1210

0

Қызылордада саны да көп, салтанаты да келіскен көпқабатты үйдің  құрылысы қарқынды. Тіпті, жеке қаражатымен зґулім баспананы сыңғырлата салып, тұрғындарға ұсынып жатқан кґсіпкерлер де жеткілікті. Ал осы нысанды тұрғызу үшін тер төгіп келетін қарапайым құрылысшылар еңбегі қашанда мадақтауға ґбден лайық.

Дария бойында еңсесін енді тіктей тұрғын үй кешенінің құрылысына кідіргенбіз. «Ер-Ару Жағалау» деп аталатын 400 пәтерлік, он үйдің нөлдік қабатынан бастап еңбек етіп келе жатқан Қанат Молдахалықов (суретте) өз мамандығын мақтаныш ететіндердің қатарында.

– 37 жылдан бері осы құрылыс саласындамын. Ма­ман­дығым да солай. Қаладағы политехникалық тех­ни­ку­мының, қазіргі агрокол­ледждің түлегімен. Әуелде Жаңақорғандағы Түгіскен массивінде еңбек еттім. Осы салада мастер болып бастап, прораб, құрылыс нысанының басшысы да болдым. Жас кезімізде құрылыс жұмысы техникалық қажеттілікке байланысты еді. Салынған үйлер екі-үш жылда бітеді. Ал қазір алты-жеті айда бесқабатты үйді аяқтауға болады. Өйткені, техника да, қажетті материалдар да өзімізде жеткілікті. Бір қуанышым, әр салған ғимаратта өз қолтаңбамыз қалса, біз үшін ол да бір бақыт, – дейді құрылысшы Қанат.

Ержан ҚОЖАСОВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<