Алдағы демалыста күн ыстық болады

766

0

Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Сондықтан барлық аумақта дерлік жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Алайда кей жерлерде жел күшейеді.

Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады. Тек бірінші күні атмосфералық фронттардың ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<