Асқақ армандарға жетеледі

1226

0

Сарыарқа төсіндегі самалды өлке асқақ армандарға жетеледі. Алыстан арман қуып келген талай жас осы жерден қанаттанды. Биіктерге көз тікті. Ел үмітін арқалап сұлу Сырдың жағасынан біз де келдік. Иә, бас шаһардың бүгінгі келбеті кісі көзі тоярлықтай.

Біз тауы жоқ жерденбіз. Сырдан қырға келдік. Туған жердің төсінде, ұлан атырапта, қазақтың дархан көңіліндей ұшы-қиырсыз жазықта өсіп-өндік. Бірақ, тауға қарап қол созбадық. Биіктікті таумен емес, қияда ұшқан қыранның қана­тымен өлшедік. Десе де, еліміздің астанасында оянған армандар сол биіктен түскен жоқ.

Еуразияның жүрегіндегі осы өлкеде жүріп, елдегі мәсе­лелердің шешілуіне атсалысып жүрміз. Арман қала айымызды оңымыздан тудырып, Сыр анамыз, Алаш бабамыз жүктеген міндеттің үдесінен шығуымызға сеп­тесіп тұр.

«Бәйтерегі» асқақ рухыңды биіктетіп тұр. «Хан Шатыр» ұлтымыздың ұлылығын паш етеді. Зәулім де әсем ғи­мараттар жан сарайыңды көркем етеді. 

Туған күніңмен, бас қалам!

Еңсесі биік, рухы асқақ, досына ұлпадай мамық, дұш­панға беріспес қайсар хал­қымыз аман болсын! Жұр­тымыз тыныш болғай!

Геннадий ШИПОВСКИХ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<