Мектепке дейінгі ұйымдар қалай жұмыс істейді?

432

0

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Сәйкесінше, бұл топтардағы балалардың саны он бестен аспауы тиіс», – деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек ол қосымша білім беру ұйымдарында оқыту шараларына тоқталды. Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен оқуға, сонымен қатар бес баладан аспайтын шағын топтардағы үйірмелерге қатысатын болады.

«Арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы біз үшін ерекше маңызға ие. Осы ерекше бүлдіршіндер қазіргі жағдайда үлкен назарды қажет етеді. Сондықтан ата-аналарының таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі», – деді А. Аймағамбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз