Грузиядағы биліктегі партия парламент сайлауында жеңіске жетті

578

0

21 қарашада Грузиядағы парламент сайлауының екінші туры аяқталды. Биліктегі «Грузин арманы» партиясының кандидаттары 17 бір мандатты округте озып шығып, жеңіске жетті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) сайтындағы алдын ала мәліметтер осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» сайтына сілтеме жасап.

21 қарашадағы сайлауда 2,1 миллионнан астам азамат дауыс беру құқығына ие болды. Олар үшін 2 мыңға жуық дауыс беру учаскелері ашылды. Учаскелер жабылатын күні келушілердің саны 26,29%-ды құрады.

Дауыс беру күні сайлау жәшігінде Грузияның 562 664 азаматы дауыс берді. Сайлаудың екі турының қорытындысы бойынша «Грузин арманы» X шақырылған Парламентте 150 мандаттың 90-ын алады.

Қалған 60 орын келесі партияларға бөлінді: «Күш бірлікте», «Еуропалық Грузия», «Лело Грузия үшін», «Патриоттар альянсы», «Агмашенебели стратегиясы», «Гирчи», «Азаматтар» және «Біртұтас ұлттық қозғалыс».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<