Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы күрестен Азия чемпионатында қызылордалық балуан Мирас Махамбет алтын медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз финалда өзбекстандық Сардор Махмудовпен кездесіп, тартысты өткен белдесуде 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, Мирас Азия чемпионы атанды.
Чемпиондық жолда қазақстандық спортшы бірнеше мықты қарсыласын жеңді. Ширек финалда ол қытайлық Юньчи Чуды ұтса, жартылай финалда ирандық Хамид Әли Деханзадехтен айласын асырды.
Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы төрт жүлде еншілеген болатын. 51 келі салмақта Қуанышбек Жанажол қырғызстандық Арсен Шараповты 2:0 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темірғали күміс жүлдегер атанды.
Бағлан Аманжол






