Меморандумға қол қойды

627

0

Бүгін «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Б.К. Қаракөзов «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.М. Аймағанбетовпен 3 жыл мерзімдік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Мекеме кәсіпкерлерге қызмет көрсету бағытында түрлі жұмыстар жасайды. Соның ішінде мекеме 2017 жылдан бері электр желісі бойынша кәсіпкерлерге 7 025 қызмет түрін көрсеткен.


Мекеме – техникалық шарттар беру бойынша «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ  Меморандум негізінде кәсіпкерлерге қажетті техникалық шарттарды 5 күн ішінде алып береді.

Меморандум аясында  кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамыту мақсатында рұқсат құжаттарын рәсімдеу қызметін оңтайландыруға бағытталған ынтымақтастық негізде  іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<