Карантин: Қызылорда шекарасынан кімдер кіріп-шыға алады?

1867

0

Қызылорда қаласының әкімдігі карантиндік аймақ шекарасынан өтуге рұсат етілетін азаматтар мен көліктер тізімін жариялады.

Олар:

  1. Медициналық көмек және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, ветеринариялық қызмет, сондай-ақ медициналық персоналдар (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізушілер).
  2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтік куәліктерімен (Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда қаласының әкімдігі, аудан әкімдіктері, облыстық/қалалық сот, прокуратура, ҰҚК, ІІМ органдары департаменті, өзге де арнаулы құқық қорғау органдарының қызметкерлері көліктерімен) және облыстық кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері.
  3. Коммуналдық, авариялық қызметтердің қызметкерлері: (электрмен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, қоқысты жинау, жанар-жағар май, сондай-ақ байланыс және коммуникация саласының (пошта) қызметкерлері, инкассаторлық көліктер (мемлекеттік нөмірлік белгілері бойынша автокөлік)
  4. Қызылорда қаласындағы перзентханалардан шыққан жаңа туған сәбиі бар әйелдер (Қызылорда қаласындағы перзентхананың үзіндісі (выписка) болуы тиіс).
  5. Карантиндік стационардан шыққандығы туралы үзіндісі (выписка) бар тұлғалар (шығарудың мерзімі бір күннен аспауы керек).
  6. Қызылорда қаласына емделуге келген / шыққан азаматтар, егер:
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 035-1/У нысаны бойынша диагнозды және емдеудің өзектілігін растау туралы аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның медициналық-консультативтік комиссиясының қорытындысы;
  • бірінші басшының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған, диагнозы мен жеделдігі туралы карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымның шақыру хаттары;
  • карантиндік аймақта орналасқан стационардағы аурудың қағаз түріндегі медициналық анықтамасынан үзінді көшірмесі (міндетті түрде сол күні шығуы тиіс).
    Ескерту: егер науқас өздігінен қозғала алмайтын болса, жеке басын куәландыратын құжаттары бар 2 адаммен сүйемелдеуге болады.
  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде (КУИС) жазасын өтеген және Қызылорда қаласынан тыс жерде тұратын тұлғалар (егер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандығы туралы анықтамасы және аурудың жоқтығын растайтын медициналық анықтамасы немесе ДККБТУ (СЭС) анықтамасы болса).
  2. Патрульдік полицияның сүйемелдеуінсіз, жерлеу мақсатында карантиндік аймақты кесіп өтетін азаматтар.
    Міндетті шарттар:
  • қайтыс болғаны туралы медициналық анықтаманың болуы;
  • шараға қатысушы адамдардың саны 10 адамнан аспауы тиіс;
  • автокөліктердің саны 3-тен артық емес (оның ішінде, катафалка);
  • барлық шараға қатысушы тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болуы.
  1. Азық-түлік (тамақтану) тауарлары, азық-түлік емес тауарлары, дәрі-дәрмек өнімдері, инватакси, құрылыс материалдарын тасымалдаушы, ритуалдық қызметтер көрсететін көліктер, газ баллондары тиелген арнаулы көліктер*:
    Міндетті шарттар:
  • ілесіп жүрген адамның жеке куәлігі немесе паспорты;
  • тауарларға арналған жүкқұжаты (накладной лист);
  • жеке санитарлық қорғаныс құралдарының болуы (қосалқы маскалар, резеңке қолғаптар);
    *- қалада болу уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.
  1. Транзиттік жүк және жеңіл автокөліктер:
  • жол полициясының қызметкерлері 20-ға дейін автокөліктен тұратын құрама (колонна) жинақтап, оларды ілестіре отырып карантин аймағынан тыс айналып өтуін қамтамасыз ету;
  1. Минералды тыңайтқыштар, жем-шөп, тұқымдық материалдар, ауылшаруашылық жануарлар, қосалқы бөлшектер тасымалдайтын көліктер мен ауылшаруашылық техникалар.
  2. Зертханалық қызметтерге талдамалар жасау үшін биоматериалдар мен биоқалдықтарды, сонымен қатар арнайы рұқсат қағаздар мен құжаттарды (тасымалдаушы автокөліктердің қалаға кіруі мен қаладан шығу құқығынсыз) өткізу пункттері арқылы беруге рұқсат етіледі.
  3. Мұнай-сервис компания қызметкерлері көліктерімен (жұмыс орнынан анықтама, жеке куәлік).

Өзге де ерекше жағдайлар жедел штабпен жеке тәртіпте қарастырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<