Еліміздің 4 облысында қардың тез еруіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жазық аймақтарында қардың жылдам еруі қиындықтар туғызуы мүмкін.
«2021 жылғы 28-29 наурыз аралығында температура жылы болады және жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық өңірлерінде қардың тез еруі мүмкін және еріген қар суының жайылуы ықтимал», – деп жазылған мекеме сайтында.
Бұған дейін «Қазгидрометтің» 28 наурызға жасаған ауа райы болжамында бірнеше облыста найзағайлы жауын-шашын мен тұман күтілетіні айтылған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<