Балалар ойын алаңы салынуда

1151

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Аранды ауылында қазалылық кәсіпкер Темірхан Кенжебаевтың демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт алаңы салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ҚазалыСтройСервис» ЖШС қарқынды жүргізуде.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Аранды ауылына арнайы барып, балалар ойын алаңының құрылысын көрді.

Аранды ауылдық округінің әкімі Әбілғазы Томаев балалар ойын алаңының жалпы аумағы 70х40 метрді құрайтынын жеткізді. Алаң ішінде жаздық сахна мен тұрғындар отыратын орындар, балалар мен ересектер үшін тренажерлық құрылғылар орнатылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі күні спорт алаңының жерін көтеріп, сыртын қоршау жұмыстары аяқталған. Ендігі кезекте алаңның жиектері биіктетіліп, жасанды төсеніштері төселетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<