Латын әліпбиіне көшудің маңызы

4511

0

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазақ тілі – ол біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаттаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Латын жазуы уақыттың сан ғасырлық сынынан өтіп болды. Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Қазақ халқы өз басынан үш алфавит жүйесін өткергенін білеміз. Атап айтқанда, араб әліпбиі (1929 ж. дейін), латын әліпбиі (1929-1940 жж.) және кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940 жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз). Бүгінгі таңда ол уақыт талабына айналуына байланысты латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда.

Латын әліпбиіне көшу кезінде қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздің дыбыстық жүйелерін нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан біз үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ. Сонымен қатар, латын әліпбиі тарихи ортақ түркі халықтарымен жақындастыра түсетіні де маңызды факторлардың бірі. Олармен бірлесе отырып, гуманитарлық-ғылыми зерттеулерді жаңа сатыға көтеруге мүмкіндігіміз мол. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалды деп сенемін.

Д.Шарапатов,

  Атқарушылық өндірісті

қамтамасыз ету бөлімінің

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<