Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Қоғалыкөл ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
– Агроөндірістік сектордада дамудың тұрақты тенденциясы байқалады. Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырып, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту қажеттігін міндеттеді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім 11 айдың қорытындысы бойынша 11 миллиард 760 миллион теңгені құрап, 103,8 пайызға өскен. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Аудан бойынша 20 874 гектар күріш дақылынан 53,0 центнерден өнім алынып, барлығы 111 158 тонна астық жиналды. 2019 жылдың егісіне 5 180 тонна күріш тұқымы құйылды. Егін шаруашылығын субсидиялау бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен ауыл шаруашылығы құрылымдары 782 миллион теңгені игерді,- деген аудан басшысы шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизинг арқылы 1 миллиард 252 миллион теңгеге барлығы 32 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алғанын айтты.
2018 жылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталып, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқару қажеттігін атап өтті.
Есеп беру жиыны барысында Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Ракимбевов, Қоғалыкөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Дүйсенбаев жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді.
Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан басшысы ағымдағы жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Абдулла қажы Әбибулаев тұрғындар атынан алғысын айтып, ақ батасын берді.
Айта кету керек, Қоғалыкөл ауылдық округі бойынша «Жерсу Агро» фермер қожалығы 1230 гектар күріш, 200 гектар мақсары, «Майарық» шаруа қожалығы 75 гектар күріш, «Сәулебек» шаруа қожалығы 25 гектар күріш, «Манабаева З» фермер қожалығы 50 гектар күріш, «Абдулла» шаруа қожалығы 125 гектар мақсары дақылдарын екті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<