Қазақстан бойынша 114 «SOS» түймесі орнатылды

681

0

«102» қосымшасы арқылы полицияға ақпарат беріп қана қоймай, пайдалы мәліметтер алуға да болады. ҚР Ішкі істер министрлігі ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов аталмыш қосымшаның ішкі істер саласын цифрландыру аясында қалай жетілдіріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңға қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде «SOS түймелерін» пайдалану қызметі де саланы цифрландыру аясында жетілдіріледі. Қазір елімізде 114 осындай құрылғы орнатылған. Қызметтік жұмысты цифрландырудың маңызды жобаларының бірі – ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп енгізілетін қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматта жүргізу жобасы. Бүгінде тергеушілер мен анықтаушылардың барлық жұмыс орындары қажетті техникамен, жабдықтармен жабдықталған, тиісті байланыс арналары ұйымдастырылған», -деді ІІМ өкілі онлайн брифингіде.

Департаменттің бас маманы «102» мобильді қосымшасы телефон арқылы түсетін қоңыраулармен бірге әлеуметтік желі мессенджерлерінен келетін мәліметтерді де тіркейтінін айтады.

«102 мобильді қосымшаға тіркелу арқылы азаматтар жедел басқару орталығының желісі бойынша хабарлама қалдыра алады. Жол-көлік оқиғалары, жол ережелерін бұзу, бала кезінде куә болған заңға қайшы оқиға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пен бірге фото және бейнематериал қоса бере алады. Қазіргі таңда «102» қосымшасын 53 мыңнан астам қолданушы жүктеген. Қосымша жұмыс істей бастағаннан бері 128 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. Оның ішінде Telegram арқылы – 5610, Facebook арқылы – 3914, Вконтакте арқылы – 484, ІІМ сайты арқылы – 20367 хабарлама жолданған», – дейді Әділ Сәрсенов.

Оның айтуынша, аталмыш қосымша арқылы кез келген автокөліктің VIN нөмірін және мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізе отырып, көлік құралының тарихы туралы ақпарат алуға болады.

«Бұл қызмет іске қосылған сәттен бастап азаматтардан 5 мыңдай сұрау салу келіп түсті», – дейді маман.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<