Әлеуметтік желілердегі алаяқтар: жалған инвестициялаудағы жаңа кейстер

121

0

Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандық пайдаланушылардың арасында түрлі онлайн-платформаларды белсенді жарнамалайтын  фишингтік сайттарға сілтемелер кеңінен таратылуда, олардың айтуы бойынша, мұндай онлайн-платформалардың көмегімен жеңіл және тез арада байып кетуге болады мыс.

Fingramota.kz мұндай ұсыныстарға неліктен сенбеу қажеттілігі жөнінде мысалдар келтіреді.

Илон Масктің қатысы қандай?

Алаяқтардың ең жеңіл айла-шарғысы – бұл әлеуметтік желілерде жалған аккаунт құру. Мәселен, алматылық телеарнаның атын бүркемеленіп қаскүнемдер жүргізушінің сөзінше «биржада акцияларжәне «алтын валютамен» сауда-саттық жүргізетін платформа жөнінде лақап «жаңалық» таратады. Оны арнайы Қазақстанның тұрғындары  үшін ИлонМаск құрған, бұл қор нарығында автоматты түрде сауда-саттық жүргізетін робот деп шығарады.

Ұдайы негізде тұрақты және пассивті кіріс алғысы келетіндер үшін небәрі «Тесла» компаниясының платформасында тіркеліп, күніне жарты сағат уақытын оқуға жұмсап, инвестиция сала бастаса жеткілікті. Тіркелгеннен кейін келесі күні, 24/7 режимінде, Қазақстанның кез келген картасына қаржыны шығарып алуға болады, оған сіздің бар-жоғы 5-10 минут уақытыңыз кетеді. Бұл жерде бағдарламаны жасаушылар  компания көрсеткен қызметі үшін шығарылған қаржы сомасынан 1,5% ұстап қалатыны, сондай-ақ сізге тәулік бойы жеке маманның көмегін ұсынатыны жөнінде айтады.

Сюжеттің соңында сайтқа сілтеме жасалады, оған өтіп, тіркелуіңіз қажет. Онда есіміңіз бен телефон нөміріңізді ғана көрсетсеңіз жеткілікті.

Сондай-ақ, посттың астында өз ризашылығын білдіріп, «пайдаға кенелген», осы платформаға ақша салуға шақыратын инвесторлардың жалған пікірлері жарияланады.

Мәселен, сіз тіркелдіңіз делік. Біраз уақыттан кейін сізге жалған брокерлер қоңырау шалып, басыңызды айналдыра бастайды.  Олар ай сайын 3-4 мың доллар табуға болатын, оған жетудіңжеңіл алгоритміне уәде беріп,әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануда әбден әккі болған алаяқтар.  Олардың басты мақсаты –cізолардан шот ашып, оны толықтырсаңыз болды. Іс жүзінде ешқандай сауда-саттық жүргізілмейді, сізге кірісіңіздің өсіп жатқаны көрсетілген жалған суреттер жіберіледі. Егер сіз ақшаңызды шығарып алғыңыз келсе, онда алаяқтарға алдын ала келісілген пайызды аударуыңыз керек. Нәтижесінде бұдан да көп шығынға батасыз, себебі сізге ақшаны, яғни уәде болған күнделікті табысты да, бастапқы салынған инвестицияны да, қаржыны шығарып алу пайызын да ешкім қайтармайды.

Алдағанды қалай білуге болады?

Алаяқтықтың бұл түрі технологияларды асамеңгермеген, ұсақ-түйектерге мән бермейтін адамдарға арналған. Олар жаңалықтарды қарап, әлеуметтік желілерді пайдаланып, әйгілі компаниялар мен адамдардың аттарынан хабардар болса да,басқасынан ешқандай мағлұматтары жоқ адамдар.

Tesla-бұл миллиардер ИлонМасктің автокөлік компаниясы, ол автономды басқарылатын болашақтың электркарларларыншығарумен айналысады. Бұл  инвестициялауға мүлдем қатысы жоқ платформа.

Сонымен қатар мұқият пайдаланушылар «сюжеттің» қолдан құрастырылғанын, ондабасқа телеарнаның логотипі бар екенін, сипаттамасында көптеген грамматикалық қателер кездесетінін байқайды. Егер аккуанттың басты бетіне өтсеңіз, ол ешқандай жаңалықтарсыз бос болып шығады. Бұл жерде постта көрсетілген сайттың атауы да ИлонМасктің компаниясына тиесілі емес.

Бай болашақ туралы әдемі аңыздар

Метромен немесе өз автоңызбен жүргіңіз келе ме? Демалысыңызды қайда өткізесіз: саяжайда әлде шетелде ме? Табыстылардың командасына қосылыңыз!» – алаяқтардың Қазақстанда Facebook-ті пайдаланушылар арасында тарататын жарнама посттарының бірі осылай басталады.

Басқа постта бастапқы инвестициясы 53 мың теңге болатын, 4 апта ішінде 890 мың теңгеге дейін кіріс әкелетін бірегей жоба жарнамаланады. Егер сіз өз жинақтарыңызды осы жобаға салсаңыз, капиталыңыз екі есе, тіпті үш есе оңай көбейтілетін пирамиданың  сүреті де бейнеленген.

Осы екі постыплатформаға қол жеткізу үшін KAZ Minerals компаниясынан сауалнамадан өтуге сілтемелер біріктіреді. Алаяқтар бұл платформаны мемлекеттік платформа ретінде көрсетеді және KAZ Minerals активтеріне 220 мың теңге мөлшерінде инвестиция салудан дивидендтер төлеуге уәде береді.

Қаскүнемдер әртүрлі психологиялық амалдарды қолданады.Мысалы, олар бай-бақуатты өмірдің суреттерін «елестетеді», өз қалауыңыз бойынша жұмсайтын: қаласаңызжақындарыңызға беруге, кредиттіңізді өтеуге, қалаған арманыңызға жұмсауғаболатын қыруар ақшаны көрсетеді. Адамға ұзақ уақыт ойлануға мұрсат бермеу үшін, алаяқтар платформаға тіркелу жақында аяқталады деп хабарлайды.

Сауалнамадан өткеннен кейін фишинг сайтта өз деректеріңізді: атыңызды, тегіңізді, электрондық мекенжайыңызды және телефон нөміріңіздіқалдыру қажет болады.

Алдауды қалай анықтауға болады?

Доменге назар аударыңыз, сілтеменің атауы сізгекүдік туғызуы керек. Есіңізде болса, алаяқтар көбінесе танымал компаниялардың атын жамылады.KAZ Minerals Қазақстандағы жетекші мыс өндіруші, алайда оның басқа ресми аккаунты бар. Компанияның ақша мәселелеріжөніндегі сауалнаманы басқа ресурстарда жүргізуі күмән туғызады.

Егер сізде әлі де сауалнамалар немесе лотереялардың жалған емес деген үмітіңіз болса, онда олардың кімнің атынан өткізіліп жатқанынбілу үшін ұйымға қоңырау шалуды ұсынамыз, оны байланыс орталығының тек ресми нөмірлері бойынша жасауқажет.

Сақ болыңыз!

Алаяқтар күннен-күнге жаңа құрбандарын тартып,ескі схемалар бойынша жұмыс істейді. Егер желіде қор нарығында табысқакенелу ықтималдылығы 99%, бұрын-соңды болмаған ақша табуға мүмкіндік беретін «таңғажайып» платформаға қол жеткізу үшін сауалнамадан өтудіұсынса, сенбеңіз. Өзіңіздің дербес деректеріңізді еш жерде, интернет кеңістігінде, әсіресе,фишингтік сайттарда қалдырмаңыз. Егер сіз мұны жай қызығушылықпен жасап, жалған нөмірлерді тіркесеңіз де мұның салдары болуы мүмкін. Біраз уақыт өткеннен кейін сізге алаяқтар қоңырау соғып, әрі аты-жөніңізді атап, олардың инвестициялық жобаларына қатысу туралы өтініш жасайтын болса, таңғалмаңыз. Қаскүнемдер заманауи технологияларды және пайдаланушы туралы олардың фишинг сайтында «көзге түсіп қалған»  ақпаратты пайдаланады, бұл оларға еш қиындық туғызбайды.

Алаяқтардың тағы қандай айла-шарғы схемаларын пайдаланатыны, олардан қалай қорғану қажеттілігі жөнінде қаржылық сауаттылық бойынша Fingramota.kz бірыңғай медиапорталында айтып отырамыз. «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінде алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша апта сайын өзекті материалдар жарияланып тұрады.  Сондай-ақ сайтта осы тақырып бойынша оқыту бейнероликтері мен ақпараттық графика орналастырылған, олар біздің әлеуметтік желілерімізде таратылады.

Достар, егер сіз қаржы алаяқтарының құрығына түсіп, оларға өздеріңіз туралы маңызды құпия мәліметтерді, төлем карталарының деректемелерін беріп қойсаңыздар немесе қаржы пирамидаларына тап болсаңыздар, онда дереу құқық қорғанына өтініш беріңіздер!

Сондай-ақ, қаржы пирамидалары туралы сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне 1459,+7 727 237 1000 нөмірлері бойынша call-орталық арқылы немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы хабарлай аласыз.