Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Қазалы ауданында сала мамандары және күріш егумен айналысатын шаруашылық басшыларымен кездесті. Оған басқарма басшылары, жауапты мекеме өкілдері қатысты.
Мамандар Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабында болды. Шаруашылық басшылары судың жетіспеушілігі қиын тиіп тұрғанын жеткізді. Соның салдарынан күріштің едәуір бөлігі күйіп кетудің аз-ақ алдында тұр.
Бұл орайда Серік Салауатұлы алдағы уақытта су жетіспеушілік мәселесін болдырмау үшін арнайы жоспарлар жасалып жатқанын атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков жергілікті жерде егістікке қатысты өзекті мәселелер жайында ой қозғап, оның шешу жолдарына назар аударды.
Келесі кезекте облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған мамандар аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі – «Жалаңтөс батыр» ЖШС-не келді. Аталған құрылым су тапшылығын қатты сезініп отыр. Серіктестік директоры Қасқырбай Әлімбайдың айтуынша, шаруашылықтың 6 ауыспалы егістігіндегі күріш алқабына су жетіспеуде. Осы мақсатта «Оң жаға» магистралды каналының бойына 3 насос қойылған.
Ауданға сапары барысында С.Қожаниязов «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойындағы «Бақыт» кешені, «Полистиробетон өндіру» цехы мен тауарлы бетон өндірісімен айналысатын «LCI-MK» ЖШС филиалы жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<